Қазақстанда табиғи газ өндірісі 7%-ға өсті

24 Маусым 2020, 01:30
1522
Бөлісу:
Қазақстанда табиғи газ өндірісі 7%-ға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңінде өндірілген газ көлемінен 7,2%-ға көп, деп хабарлайды energyprom.kz порталы.

Ақшаға шаққанда аталған кезеңде 141,9 млрд теңгенің газы өндірілді.

Өңірлік шекте Атырау облысында өндірілген табиғи газдың көлемі жоғары болып тұр. Бұл облыста 11,2 млрд текше метр газ өндіріліп отыр. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында – 9,1 млрд, Ақтөбе облысында – 2,6 млрд текше метр газ өндірілген.

Қазақстан 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында 6,3 млрд текше метр көгілдір отынын экспортқа шығарды. Бірақ жылдық мәнде экспорт көлемі 34,9%-ға қысқарып отыр. Қазақстанның табиғи газының негізгі, нақты айтқанда 566,1 млн долларды құрайтын көлемі Қытай еліне экспортталған. Қытайға экспорттың жылдық өсімі нақты мәнде 7,4%-ға, ал ақшаға шаққанда 2,5%-ға артты.

Ал ТМД елдеріне 101,5 млн доллардың 2,1 млрд текше метр газы экспортқа шығарылды. Бұл ретте Қазақстан газының негізгі импорттаушысы – Ресей. Жалпы ТМД елдеріне экспортталған газдың 75,5%-ы Ресейге экспортталған.

Айта кетерлігі, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2020 жылғы ІІІ тоқсанда сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің бағалары қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 28 000 теңгені құрайды.

Шекті баға 2018 жылдың І тоқсаны - 2020 жылдың І тоқсаны аралығында ҚҚС есебінсіз тоннасына 38 701,67 теңге деңгейінде сақталды.

Өзгелердің жаңалығы