Қазақстанда балалардың тамақтануын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалуда

24 Сәуір 2019, 13:43
2132
Бөлісу:
Қазақстанда балалардың тамақтануын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылдан бастапелімізде 53% мектепте енгізілген Мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленген. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі жасөспірім балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі Симпозиумда айтылды.

Іс-шараның басында жасөспірімдер тобы «Менің дұрыс тамақтану рационым» тақырыбында өз өміріндегі оқиғаларымен бөлісті. Қазақстан – балалардың тамақтануы бойынша және балалардың қатысуымен Симпозиум өткізіп отырған әлемдегі бірінші өңір екендігін атап өткен жөн. Дұрыс тамақтану машықтары бала кезінен қалыптасады және бала үнемі пайдалы ас таңдай алмауы да мүмкін.

Симпозуим қатысушылары алдында денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров Қазақстанда азық-түліктердің сапасы мен қауіпсіздігіне тұрақты бақылау жасалатыны жөнінде айтты.

2018 жылдан бастап 53% мектепте енгізілген Мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленген. Бизнес пен мектептердің өзара іс-қимылын, қоғамдық бақылау жүргізуді көздейтін мектеп асханаларын жаңғырту жөніндегі жоба іске асырылуда. Жалпы білім беретін мектептерде тәтті және газдалған сусындарды сатуға тыйым салынған. Ас тұзын йодтау бойынша, ұнды және басқа да бірқатар азық-түліктерді минералды-дәрумендік кешенмен байыту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау индустриясындағы бизнесті өсіру және қоғамдық денсаулықты жетілдіру мақсатында цифрлық технологияларды біріктіру үшін мүмкіндіктер жасалуда. Мысалы, денсаулықты, тағам жеткізілімін, рекреационды және спорттық объектілерді, сауықтыру және фитнес-орталықтарды бақылайтын мобильдік қосымшалар қызмет етеді. Дұрыс тамақтануға ынталандыратын жағдай құру үшін ірі сауда супермаркеттерінде «Дұрыс тамақтану азық-түліктері» сөрелері ұйымдастырылуда.

Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау саласы қымбат тұратын стационарлық емдеуден аурулардың алдын алуға, қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтуге өз бағытын ауыстыруда. 2018 жылғы медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясы денсаулықты профилактика арқылы сақтауды және нығайтуды басымдық ретінде жария етеді. Бұл – қоғамдық денсаулық сақтау саласының негізгі функцияларының бірі. 2019 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметіне кететін шығыстарды жалпы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемінен 40-тан 60%-ға дейін ұлғайтуды тапсырды. Заңнама жетілдірілуде. Ағымдағы жылғы сәуір айының соңына дейін Үкіметтің қарауына дұрыс тамақтану саясатын қалыптастыру шаралары қарастырылған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің жаңа редакциясы енгізілетін болады.

Қазіргі уақытта нан-тоқаш өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайтуға бет алынды. Осыған байланысты, өндірушілер шығаратын және іске асыратын өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту бойынша үдеріске жұмылдырылуда. Бірыңғай шешімге келе отырып, 1 кг ұнға нандағы тұз мөлшерін 5 граммнан 2 граммға дейін азайту бойынша мәмілеге қол жеткізілді. Осындай жұмысты сүт өнімдеріндегі қант мөлшерін азайту мақсатында жүргізу жоспарланып отыр.

Кездесу барысында балалардың тамақтану рационы, мектептегі тамақтану жүйесі жөніндегі жобаларға кешенді тәсіл жасау, мектепке дейінгі және мектептегі азық-түлік жағдайын жақсарту сияқты түйткілді мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, кіші жастағы балалар мен нәрестелер азық-түлігінің жосықсыз маркетингімен күресу, БҰҰ Даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі шекті бағдарламасына (UNDAF) тамақтану мәселелерін енгізу бойынша ұсыныстар берілді.

Симпозиум өздеріне жоспарды іске асыру бойынша міндеттемелер алған 8 мемлекеттің қатысуымен, 2018 жылғы шілдеде іске қосылған Тамақтану саласындағы әлеует пен серіктестікті күшейту жөніндегі өңірлік платформаның іс-қимылдар жоспарының бөлігі болып табылады. ЮНИСЕФ-пен қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның шеңберінде, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы екі жыл бойы Өңірлік платформаның хатшылығын басқарады. ҚДСҰО төраға ретінде қауіпсіз дәне дұрыс тамақтануға барынша ықпалдасатын болады.

Шараны Дүниежүзілік БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы және азық-түлік бағдарламасының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастыруда.

Өзгелердің жаңалығы