Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылды

4 Наурыз 2020, 23:45
1945
Бөлісу:
Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемде тасжолдардың конструктивтік элементтерінің жүк көтеру мүмкіндігі төмендейтіндіктен жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. 

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты шектеу түрлі уақытта енгізіледі. 

Атап айтқанда, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында және Қарағанды облысының Жезқазған өңірінің жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Қарағанды облысының Қарағанды өңірінің жолдары ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысы үшін жабық болады.

Өзгелердің жаңалығы