Бас жаңалықтар
Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді
18 Ақпан 2020, 10:40 121

Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды. 

Әлем бойынша бөлшек саудадағы электрондық коммерция нарығы дәстүрлі сауданы ығыстырып отырып, озық қарқынмен өсіп келеді. Мәселен соңғы екі жыл ішінде солтүстік Америкада 10 мыңнан астам офлайн дүкендер жабылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек электрондық сауданың әлемдік көлемі 3,5 трлн АҚШ долларынан асты. Осыған қоса бұл көрсеткіш жыл сайын 20%-ға артып келеді. Бұл нарықтың 71%-ы Қытай мен АҚШ-қа тиесілі. Елімізде электрондық сауда нарығы 2019 жылы 1,8 есеге өсіп, 700 млрд теңгеден асты. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сатып алу көлемі 422 млрд теңгені, халықаралық интернет-алаңдарда 280 млрд теңгені құрады, - деді ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, 2019 жылы белсенді сатып алушылардың саны 72 пайызға артып, 3,2 млн адамды құрады. Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді, алайда оның ішінде табыс салығын төлеуден босату түрінде салық жеңілдіктерін алу үшін барлығы 579 интернет-дүкен тіркелген. Сондықтан нарықтың реттеу тәсілдерін қатаңдатып, осы саланың заңдық жағын қарастыру қажет. 
2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге артып, шамамен 14,4 трлн теңгені құрады. Бұл өсім сауда POS-терминалдардың сауда инфрақұрылымының дамуына, Қазақстан нарығына Apple Pay және Samsung Pay сияқты жүйлердің енуіне, банктердің клиенттеріне бонустар мен кэшбек стимулдары арқылы ынталандыруына, сондай-ақ қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолма-қол ақшасыз төлемді белсенді пайдалануына байланысты. 2019 жылы электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды, - деді министр.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...