Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

5 Мамыр 2020, 00:17
3676
Бөлісу:
Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр. 

Бұл туралы Атамекен бизнес арнасына сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған.

Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.



Өзгелердің жаңалығы