Қазақстан футболында «Беларусь бапкерлері» трендте

4 Мамыр 2019, 14:27
1481
Бөлісу:
Қазақстан футболында «Беларусь бапкерлері» трендте

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Атырау» футбол командасы бас бапкерін ауыстырды. Осыған дейін қызмет атқарған ресейлік Виктор Кумыковтың орнына беларусь Олег Дулуб келді. 


Олег Дулуб 1965 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген.  Футболшы ретінде жартылай қорғаушы болып ойнаған. Беларусь, Латвия, Финляндия чемпионаттарында доп тепкен. Ойыншы ретінде карьерасын 2001 жылы аяқтаған. 

Ал бапкерлік мансабында  өз еліндегі «Минск», «Гомель», «Динамо», «Крумкач», «БАТЭ» командаларын жаттықтырған. Сондай-ақ Украинада жұмыс істеген. Ол жақта «Карпат» пен «Черноморецтің» тізгінін ұстапты. Соңғы жұмыс орны – 19 жасқа дейінгі Беларусь құрамасы. 
2008 жылдан бері UEFA-ның бапкерлер беретінде «PRO», «A» және «B» категориясын оқитындарға дәріс беріп жүр. Ағылшын тілін еркін меңгерген. 

Бапкер ретіндегі жетістігі: 
Еуропа лигасының топтық кезеңінің қатысушысы: 2014 ж;
Беларусь чемпионатының қола жүлдегері: 2010, 2013 жж, 
Беларусь Суперкубогының иегері: 2012 жж; 
Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 ж.

Осылайша, еліміздің премьер-лигасындағы Беларусь бапкерлерінің саны үшеуге жетті. Бұған дейін «Қайраттың» тізгінін Алексей Шпилевский ұстаса, «Ақтөбеге» тағы бір беларусь маманы Александр Седнев тағайындалған болатын. 

Бір кездері Қазақстан премьер-лигасындағы болгариялық бапкерлер қаптап кеткен. енді, міне,кезек беларусь мамандарына келген тәрізді.
Өзгелердің жаңалығы