Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті

7 Ақпан 2020, 09:02
1701
Бөлісу:
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 73 адам қаза тапты. 31 мыңнан астам адам 2019-nCoV вирусын жұқтырды.

Қытайда қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті. Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті 7 ақпанда хабарлады.
6 ақпан түн жарымға дейінгі жағдай бойынша денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке 31 провинциядан (аудандардан, орталыққа бағынатын қалалардан) келген мәліметтерге қарасақ, коронавирустың жаңа түрінің салдарынан пневмония жұқтырған 31 161 адам болып отыр. Олардың ішінде 4827 адам ауыр халде, 636 адам қайтыс болды және 1540 адам емделіп, ауруханадан шықты, – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Соңғы тәулікте Қытайда 73 адам қайтыс болып, 3,1 мың жұқтырған. 

Мұнымен қоса, Гонконгта 24 адам (оның ішінде бір адам қайтыс болды), Макаода 9 адам, Тайванда 16 адам жұқтырған. 

Сонымен қатар, 26,3 мың адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханада жатыр.
Өзгелердің жаңалығы