Айшолпан "Алтын жұлдыз" орденімен марапатталды

28 Желтоқсан 2018, 10:44
4953
Бөлісу:
Айшолпан "Алтын жұлдыз" орденімен марапатталды
Фото: lesuricate.org

Астана, BAQ.KZ. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттуулга жаңа жыл қарсаңында елге еңбегі сінген азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды. 

Моңғолия еліне еңбегі сіңген, әр сала бойынша өз ісінің үздігі атанған ерекше жандарды марапаттайтын салтанатты жиында Моңғолияда тұратын қазақтың танымал бүркітші қызы Айшолпан "Алтын жұлдыз" орденімен марапатталды.

"Алтын жұлдыз" ордені Моңғолияның дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға беріледі. Айшолпан туризм саласын және дәстүрді дәріптегені үшін иеленді бұл орденді

Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда тұратын қазақтардың арасынан шыққан санаулы бүркітші қыздардың бірі. Ол туралы түсірілген фильм "Оскар" сыйлығынан үміткерлер қатарына дейін жетті.

Өзгелердің жаңалығы