Бас жаңалықтар
Аймағамбетов мектепте қандай оқушы болған?
04 Қазан 2021, 14:25 548

Аймағамбетов мектепте қандай оқушы болған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының қонағы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте оқыған кезінде қандай оқушы болғанын айтып берді.

Мектепте жақсы оқушы болдым деп айта аламын. Барлық пән ұнайтын. Бірақ кейбір пәндерге уақытымды аяйтынмын. Бала болғаннан кейін мына пән керек пе, керек емес пе деп ойлайсың ғой?! Мысалы, дене шынықтыру пәні. Ауылда тұрғаннан кейін таң атқаннан кешке дейін денемізді шынықтырамыз емес пе? Мал жаясың, шөп жұласың, көмір әкелесің, күл төгесің, су әкелесің. Ауылдағы өмір қаладағыдай емес, - деді БҒМ басшысы.

Министр сонымен қатар футбол да ойнағанын айтты.

Дене шынықтыру пәнінсіз де дене шынықтыру жеткілікті болды. Сөйтіп оқушы кезімде уақытты одан да жақсы пәндерге жұмсаған дұрыс сияқты деген ой болатын. Бірақ қазір барлық пән өте маңызды екенін айта аламын. Дене шынықтыру да балалардың денсаулығы үшін қажет. Пандемия кезінде де бұл пәннің маңыздылығын көрдік, - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Ол сөз арасында білім беру бағдарламасындағы барлық пән балалар үшін қажет екенін жеткізді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...