Бас жаңалықтар
Аймағамбетов қашықтан қанша оқушы білім алатынын айтты
04 Тамыз 2020, 09:50 750

Аймағамбетов қашықтан қанша оқушы білім алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында қашықтан білім алатын оқушылардың санын болжады. 

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды  жүргізілуде. Елдегі санитарлық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Қабылданған шешімге сәйкес бұл жерде екі ерекшелік бар. Біріншіден, шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды, - деді ол.  
Министр бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылатынын айтты. 
Кезекші сыныптарға өтініштер қолжетімді байланыс құралдары арқылы электронды түрде қабылданады. Сонымен, алдын ала болжам бойынша, интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 миллион оқушы (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың бала (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...