Айдын Айымбетов ғарышта қанша литр су ішкенін айтты

17 Қыркүйек 2019, 12:42
4223
Бөлісу:
Айдын Айымбетов ғарышта қанша литр су ішкенін айтты
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов елімізде жеңіл судың пайдасына байланысты алғаш рет жүргізілген зерттеуге қатысты. 

Бұл туралы ол зерттеу барысына арналған конференция барысында мәлімдеді. Ол жеңіл су зерттеуіне қатысу жеңіл болғанын атап өтті. 

«Бұл зерттеуге қатысқаныма өте қуаныштымын. Зерттеу өткеннен кейін адамдардың өзі бұл суды ішу, ішпеу керегі туралы шешім қабылдайды деп ойладым. Бұл менің кәсіби өмірімдегі ең жеңіл зерттеу болды. Су ішу ғана қажет еді. Бір жағынан, өте ауыр сынақтардың бірі болды. Себебі, ол тәулік бойы, өте ұзақ мерзімге жалғасты. Мен кәдімгідей, әдеттегідей жүрдім, тек, үнемі жеңіл су ішу қажеттігі жоғары болды», - деді Айымбетов. 

Зерттеу нәтижесі қазақстандық ғарышкерді таңғалдырған.

WhatsApp Image 2019-09-17 at 12.46.56.jpeg

«Себебі, өзім оңтайлы үрдісті байқадым. Менің ойымша, адам ағзасының 70% адамның тамақтануы мен не ішуіне байланысты. Маған не жейтініңді айт мен саған кім екеніңді айтам деген сөз шындыққа саяды. Денсаулыққа 20-30% сыртқы фактор әсер етсе, қалған көрсеткіш тамақ пен суға байланысты. Егер, жер шарының орбитасын алсақ, ас сублимацияланған күйде алынады. Бұл құрамында су болмайтын тағамдарға да қатысты», - деді ол. 

Сонымен қатар, ол айтып өткендей, қазір суды жерден алған пайдалырақ екеніне көз жеткен.

«Су біздің өміріміздің көп бөлігін алған соң, егер адам ағзасы күніне 2-3 кг тағам қолданса, бұл тағам құрғақ күйде 200-300 грамды құрайды. Сонда, судың тағамдағы көлемі өте жоғары. Су азық-түлікте де, өсімдікте де, көкөністе де бар екенін атап өтті», - деді ол.

Қазақстандық ғарышкер ғарышта 2,5 литр су ішуге болатынын айтты. 

«Судың ортақ көлемі тағаммен бірге қолданылды. Менің ойымша, күніне 2,5 литр су ішу жүзеге асты деп ойлаймын», - деді ғарышкер.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда жеңіл судың адам өмірінің сапасына әсері туралы еліміздегі алғашқы зерттеуге байланысты конференция өтіп жатқаны хабарланған. Конференция барысында «Астана медицина университетінің» ұстазы, медицина ғылымдарының докторы, академигі Ерболат Дәленов қарапайым суды жеткілікті пайдалану керектігін тұрғындарға күнделікті айта беру қажет екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы