Бас жаңалықтар
Жұмыспен қамту аясында 9,5 мың адам жұмыспен қамтылды
28 Қыркүйек 2020, 22:20 116

Жұмыспен қамту аясында 9,5 мың адам жұмыспен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалар арқылы 2020 жылы 9544 адам жұмысқа орналасты.

Сергей Белов Жамбыл облысының Қордай ауданында жол жөндеуші болып істейді. Жалпы бұл жерде жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекпен қамтылған 108 адам жұмыс еңбек етеді.

Мен ұзақ уақыт бойы дені дұрыс жұмыс таба алмадым. Содан достарым жұмыспен қамту орталығына жүгінуге кеңес беріп, онда маусым айында жұмыссыз ретінде тіркелдім. Бағдарлама бойынша мені жол жөндеуге жіберіп, тұрақты жалақы тағайындалды, - дейді ол.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, өңірде жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 828 жоба жүзеге асырылуда - мектептер салынып, нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.           

Мәселен, Жамбыл ауылында 100 орындық мектеп салынып жатыр. Жобада жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқан 148 адам жұмыс істейді. Осылайша, қажетті іс-қимыл аяқталғаннан кейін ауыл балаларына аудан орталығына оқуға сабылудың қажеті болмайды.   

Облысымызда жүзеге асырылып жатқан жобалардың ең көп саны маңызды әлеуметтік нысандарды қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Сонымен қатар, Жол картасының арқасында біз қазірдің өзінде 9544 қазақстандыққа жұмыс табуға көмектестік, - деді Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков.           

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 8 айында республика бойынша ЖҚЖК аясында барлығы 165 мың жұмыс орны құрылған 6,4 мың жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылды. Жалпы, Жол картасы бойынша 255 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға арқау болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...