Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі қоғамдық көліктердегі коронавирусқа байланысты дезинфекциялау шаралары туралы айтты.
Бұған дейін қоғамдық көліктер таңертең рейске шығар алдында және кешке рейс аяқталғаннан кейін дезинфекция жасалатын. Енді қоғамдық көліктерде, оның ішінде автобустарда әр рейстен кейін дезинфекциялау жүргізіледі, - деді Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сонымен қатар, бұған дейін азаматтар көп жиналатын орындарды дезинфекциялау шаралары өтетіні хабарланған болатын.