Зеленский АҚШ-тан алынған көмектің жалпы сомасын атады

25 Сәуір 2025, 06:23
736
Бөлісу:
Зеленский АҚШ-тан алынған көмектің жалпы сомасын атады
Фото: Shannon Stapleton/Reuters

Украина АҚШ-тан 105 миллиард доллар көлемінде қару-жарақ пен көмек алды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский американдық журналист Бен Шапироға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Менің елім қанша көмек алғанын нақты құжаттап отыр. Біз 105 миллиард АҚШ долларын алдық, олардың көпшілігі қару түрінде болды, - деді Зеленский.

Президент ақшалай көмектің негізінен қару-жараққа жұмсалғанын атап өтті. Ал қару-жарақ майданда, соғыс алаңында қолданылған.

Сонымен қатар, Зеленский бұқаралық ақпарат құралдарында қарудың бір бөлігі басқа жерге жіберілгені туралы хабарларды жоққа шығарды.

Өзгелердің жаңалығы