Түркия сейсмологтары Мәрмәр теңізі аймағында күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы сейсмология профессоры, Стамбул мэриясының жер сілкінісі жөніндегі кеңесінің мүшесі Халюк Эйидоган РИА Новостиге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, болашақ жер сілкінісі тек Ыстамбұлды ғана емес, Бурса, Чанаккале, Текирдаг, Кожаели мен Ялова провинцияларына да әсер етуі мүмкін. Эйидоган тұрғындарды дайын болуға және сейсмикалық төзімді ғимараттар салуға шақырды.
Сәрсенбі күні Мәрмәр теңізінде 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді. 236 адам зардап шекті, бірақ қаза тапқандар мен үлкен қираулар тіркелмеді. Сейсмологтар дүмпулер бірнеше аптаға жалғасуы мүмкін дейді.
Ғалымдар Стамбул жағалауында 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін деп болжайды. Ыстамбұл мэриясының дерегі бойынша, мұндай жағдайда шамамен 90 мыңға жуық ғимарат қирап, 4,5 миллион адам уақытша баспанаға мұқтаж болады. Ал шығын көлемі 325 миллиард доллардан асып кетуі мүмкін.