Австралиядағы өрт. 500 млн жануар өртенді

6 Қаңтар 2020, 12:40
8643
Бөлісу:
Австралиядағы өрт. 500 млн жануар өртенді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі айдан бері Австралияда орман өртін ауыздықтау мүмкін болмай жатыр.

Елдегі барлық адам өрт сөндіруге атсалысып жатыр деуге болады. Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон өрт сөндіру үшін қосымша 3000 әскеридің жұмылдырылғанын айтты. Ал қорғаныс министрі Линда Рейнольдс ел үкіметі бұрын-соңды болмаған төтенше режимге көшкенін жеткізді.

ENgAntSWwAEYqFP.jpg

Бұл біздің елдің тарихында болмаған өрт. Үкімет толықтай ерекше жағдайда жұмыс істеп жатыр. Мен мұндайды бұрын-соңды көрмеппін - деді Линда Рейнольдс.

ENgWXb6WkAEGND5.jpg

Өрт жалынының биіктігі 12 метрден асқан.

ENeZRZAUUAAJ_rX.jpg

Соңғы ақпараттарға сәйкес, орман өртінен жануарлардың 24 түрінің 500 миллион басы өлген. Оның 8000-нан астамы коала аюы.

ENfCx-zXsAE4BGt.jpg

Тілсіз жау Австралия орманының 5,5 миллион гектарын шарпыған.

ENeGxzTXsAE8u_v.jpg

Ел тұрғындарының 1400-ден астам баспанасы отқа оранды.

ENe-sV0XYAAewfX.jpg

Ал өрттен шыққан улы-газды түтінен 10 миллионнан астам адам зардап шегіп жатыр.

ENfDbnpUEAA5AC0.jpg

Бүгінге дейін өрт салдарынан 24 адам қаза болған. Олардың үшеуі өрт сөндірушілер.

ENh0cYAU4AAV39Y.jpg

Орман өрті салдарынан елдің екі штаты Төтенше жағдайда жұмыс істеп жатыр.

imgonline-com-ua-resize-1u9mrl0udiypw-750x432.jpg

Сонымен қатар, Австралияның қазіргі сәтінен ғарыштық түсірілім жарияланды.

ENf3EKIX0AEvRcG.jpg

Орман өрті басталған соңғы екі айда алғаш рет жаңбыр жауды.

Өзгелердің жаңалығы