Австралия өрт құрсауында қалды

6 Қаңтар 2020, 09:23
6483
Бөлісу:
Австралия өрт құрсауында қалды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орман өрті бүтін бір материкті шарпыды. Екі ай бойы өртті сөндіру мүмкін болмай отыр.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлағандай, тұрғындарға үйлерінен шығуға, жол жүруге тыйым салынды. Бүгінде бұл жақтағы ауа сапасы қауіпті межеден 26 есе төмендеп кеткен.

d971fab6-198d-4303-87c0-64b531c98bfa.jpg

Мамандардың айтуынша, австралиялық өрттің түтіні Жаңа Зеландияға жеткен.

Тұрғындар мен туристерді қауіпсіз аймаққа көшіру басталды. Екі штатта Төтенше жағдай жарияланды.

93b9963b-61d4-4229-a3d7-e35499b13ed6.jpg

Өрт салдарынан зардап шеккен адам санын дөп басып айту мүмкін болмай отыр. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ, 24 адам қаза тапқан. Оның ішінде 3-уі өрт сөндіруші, тағы 17 адам жоғалып кеткен.

Одан бөлек 500 млн-нан астам аң-құс қырылған деген дерек бар. Оның 8000-ы коала аюы. 5.5 миллион гектардан астам аумақ өртке оранған. 1400-ден астам үй тілсіз жаудың шырмауында кетсе, 10 млн-нан астам адам газдан уланып қалған.

Өзгелердің жаңалығы