Ауыл әйелдеріне қандай қолдау көрсетіледі

17 Маусым 2020, 12:29
2576
Бөлісу:
Ауыл әйелдеріне қандай қолдау көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл әйелдеріне көрсетілетін қолдау туралы  "Жасыл" экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова онлайн брифинг барысында айтып берді. 

"Жасыл" экономиканы және G-Global - ды дамыту коалициясы соңғы жеті жыл ішінде ауыл әйелдерін жұмыспен қамтуды ұйымдастырумен белсенді айналысып келеді.Бүгінде коалиция ауыл әйелдерін қолдауға бағытталған сегіз жобаны жүзеге асырып жатыр. 2013 жылдан бастап "Coca-Cola белестері" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында ауылдық жұмыссыз әйелдер оқутудан өтеді, оларға өз бизнесін ашу үшін бизнес-кейстер, сондай-ақ ауылдағы үздік бизнес-идеяға конкурс негізінде грант алу мүмкіндігі беріледі, - деді Рақымбекова. 

Салтанат Рақымбекованың айтуынша, өткен уақыт ішінде тренингтік бағдарламаларға 15 мыңнан астам ауыл әйелдері қатысқан.
Олардың 1 мыңға жуығы республикалық конкурсқа қатысуға өтінім берді. 61 әйел ауылда стартап-бизнес құруға 244 мың АҚШ доллары болатын грантқа ие болды. Жобаны жүзеге асыру аясында 150-ге жуық жұмыс орны ашылды. Жобаны іске асырудың жеті жылында "жасыл" технологияларды пайдалана отырып, шағын бизнесті ұйымдастыру бойынша 270-тен астам оқыту тренингі өтті, - деді ол. 

Салтанат Рақымбекова айтып өткендей, Қазақстан ауылдарының проблемасы -  жұмыссыздық және ауыл тұрғындары табысының төмен деңгейі. 
Мамандардың деректері бойынша ,ауылда ел халқының 8 млн-нан астамы немесе 45% - тұрады. Оның ішінде 4 млн- ға жуығы экономикалық белсенді. 500 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы