Bilim жалпыұлттық жобасы бастау алды

16 Маусым 2020, 09:01
1359
Бөлісу:
Bilim жалпыұлттық жобасы бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының ауылдарында Birgemiz: Bilim жалпыұлттық жобасы бастау алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн-форматта арнайы оқытылған 74 еріктілер жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалуға, ағылшын тілін, компьютерлік және заңнамалық сауаттылықты меңгеруге көмектеседі.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Қоғамдық даму министрлігінің гранты негізде жүзеге асырылуда. Ұйымдастырушылар – "Азамат" қоғамдық бірлестігі, Білім және жастар саясаты басқармасы.

Бұл әлеуметтік жобаның мақсаты – ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы балаларды ҰБТ-ға дайындау болып табылады. Облыста Birgemiz: Bilim жобасы жұмыс істеп жатыр. Көптеген ауылдарда оқушылар ағылшын тілі сабағын өткізді. Жақында компьютерлік сауаттылықты меңгере бастайды, - деп түсіндірді "Азамат" ҚБ төрағасы Дәурен Рахымбек. 

Сондай-ақ, әлеуметтік жобаның міндеттеріне ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларын облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми конкурстарға қатыстыру кіреді. Ол үшін студенттер мен ағылшын тілі оқытушылары қатарынан, компьютерлік сауаттылық және басқа да инновациялық білім беретін волонтерлер қажет.

Жобамен әлеуметтік осал топтарды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі мыңнан астам жоғары сынып оқушыларын және волонтерлік бастамаға мұқтаж мектептердің, университеттер мен колледждердің 100-ден астам студенттері мен оқытушыларын қамту жоспарлануда.

Birgemiz: Bilim жобасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін "Азамат" ҚБ +7-702-955-23-23 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы