23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

23 Қаңтар 2019, 08:15
2229
Бөлісу:
23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерінде  тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  түнде кей жерінде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы