Ауа райы. Төрт өңірде ескерту жарияланды
15 Қазан 2021, 22:33 813

Ауа райы. Төрт өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 қазан күнгі ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстікте, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 

Ақмола облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. 

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады. 

Сондай-ақ 16-17 қазанда Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында 23-28 м/с екпінмен жел соғады, күші 30 м/с және одан жоғары көтеріледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...