Бас жаңалықтар
24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
24 Қаңтар 2019, 08:17 1779

24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Ақмола облысының кей жерінде  тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  түнде кей жерінде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

 Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Загрузка...