2019 жылдың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

1 Қаңтар 2019, 09:17
2374
Бөлісу:
2019 жылдың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы
Фото: ubanordfaroncil.canalblog.com

Астана, baq.kz. Қазгидромет 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

2019 жылдың алғашқы күнінде Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады, тек солтүстік-батыста және солтүстікте күн ашық болады.

Республиканың кей аймақтарында көктайғақ болып, тұман түсіп, жел күшейеді. 
Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел күшейеді. 
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетуі мүмкін.
 

Өзгелердің жаңалығы