Бас жаңалықтар
COVID-19-дан көш бастап тұрған Атыраудың бас санитариялық дәрігері ауысты
13 Шілде 2020, 17:48 181

COVID-19-дан көш бастап тұрған Атыраудың бас санитариялық дәрігері ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәдуақас Байғабұлов Атырау облысының бас санитариялық дәрігері болып тағайындалды.

Сәдуақас Байғабұлов бұған дейін көліктегі бас санитариялық дәрігер қызметін атқарған.

Ол 1974 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. 

1998-1999 жылдары еңбек жолын Ақмола облысындағы Ерейментау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитариялық дәрігері болып бастаған.

Кейіннен 1999 жылы аталмыш станцияның санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің жетекшісі болды.

1999-2002 жылдары Астана қаласы әуе көлігі санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас санитариялық дәрігері қызметін атқарды.

2020 жылға дейін әртүрлі қызметте болды. Оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас маманы, аталмыш комитеттің санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы, құқықтық-ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыс басқармасының басшысы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы  мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы, ҚР Премьер-министрі Канцеляриясы әлеуметтік-экономикалық бөлім денсаулық сақтау секторының бас сарапшысы, сол сектордың жетекшісі, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы, Қарағанды облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы, Павлодар облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.


Фото: дереккөз
Загрузка...