Атырауда 20 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

30 Қазан 2020, 23:40
2446
Бөлісу:
Атырауда 20 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 20 жастағы қыз Жайық өзеніндегі көпірден секіріп кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайдар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментіне Балықшы ықшамауданындағы Жайық арқылы өтетін көпірден бойжеткен өзенге секіріп кетті деген қоңырау түсті. Қайғылы оқиға орнына құтқарушылар 12 минуттан кейін жетті. Өкінішке қарай, қызды құтқару мүмкін болмады. Құтқарушылар өзеннен 20 жастағы қыздың мәйітін алып шықты. Оқиғаныңң мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы