Атырауда 17 жастағы жігіт ұрлаған көлігімен саяхаттағысы келген

24 Шілде 2021, 00:22
3155
Бөлісу:
Атырауда 17 жастағы жігіт ұрлаған көлігімен саяхаттағысы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 күн бұрын іздеу салынған 17 жастағы жігіт бөтен адамның көлігін ұрлаған.

Полицияның кезекші бөліміне Атырау қаласының 39 жастағы тұрғынынан үй ауласында тұрған көліктің ұрланғаны туралы шағым түсті. Осыған байланысты полицейлер жедел-іздестіру жұмысын жүргізіп, ұрланған көлікті Исатай ауданынан тапты. Көлік ұрлығына күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Он күн бұрын үйінен шығып кетіп, оралмаған жасөспірім ұрланған көлікпен саяхат жасамақ болғанын мойындады. Автокөлік иесіне қайтарылды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу шарасы басталды.


Өзгелердің жаңалығы