Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңында, Атырау – Ақтөбе тас жолында болған.
Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 30 қазанда сағат шамамен 19:30-да Атырау-Ақтөбе тасжолының 331-шақырымында бір топ азамат төбелесіп, артынан мылтық атылған. Бес бірдей адамға оқ тиіп, біреуінің қолы сынған. Жергілікті басылымның мәліметінше, ауылдың әр бөлігінде тұратын ер адамдар арасында жанжал шыққан.
Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы бойынша соталды тергеу басталды, – деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полицейлер бес адам оқ-дәріден жараланғанын, бір адамның қолы сынғанын хабарлады. 1985 жылғы ер адам Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада қайтыс болды.
Болжам бойынша, оқиға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушіліктен болған, – деді полициядан.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.