Атырау облысы мұнай өндірісін 60 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр

18 Маусым 2021, 11:44
2552
Бөлісу:
Атырау облысы мұнай өндірісін 60 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысын дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Оның аясында облыста 2025 жылға қарай мұнай өнідірісін 28 пайызға немесе 60 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген.

Аталған межеге жету үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады. Теңіз кен орнын кеңейту сол арқылы мұндағы мұнай өндірісін жылына 12 млн тоннаға жеткізу көзделген. Сол сияқты Қашаған кен орнында да кешенді шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде мұнай өндірісі жылына 2 млн тоннаға артады, - деді ол.
Махамбет Досмұхамбетов облыста мұнай-газ химия саласын дамыту да жоспарда бар екенін атап өтті.
«НИНТ» арнайы экономикалық аймағында осы саланы дамыту үшін 6,1 трлн теңгенің төрт жаңа жобасы жүзеге асырылады. Олардың қатарында «KPI» ЖШС полипропилен өндірісі бар. Оның құрылысы осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Сол сияқты полиэтилен, бутадиендік каучук, метанола өндірісі жолға қойылатын болады, - деді өңір басшысы.
Бұған дейін ол Атырау облысында ауланған балықтың 80 пайызы экспортталғанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы