Бас жаңалықтар
Жағажайларды атты полицейлер бақылайды
28 Мамыр 2020, 20:11 177

Жағажайларды атты полицейлер бақылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының жылынуына байланысты атты полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, саяжайлар мен су жағажайлары аумағын бақылауды қолға алды.

Су жағалары мен саяжайларды қоғамдық құқықбұзушылық, оның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішкен адамдарға, шомылу маусымы басталған уақытта белгіленбеген  жерлерде суға түскен адамдарға әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту жасалады.

27 мамыр күні атты полицейлермен жазғы маусымда саяжайлар мен су жағажайларында бақылау жүргізілу басталды. Бұл тексеру жұмыстары  10 атты полицейлер мен 20 полиция қызметкерлері және ТЖ департаментімен бірге жасалады. Бір күн ішінде атты полицейлермен 10 құқықбұзушылық фактісі анықталды. Көбісі алкогольді ішімдіктерді ішкен үшін 5 адам ұсталды. Арасында есірткі заттарын қолданған азамат та болды. Бұл жұмыстар күшейтілген күйде қаладағы 4 жағажайдың барлығында жалғасын табады - дейді Ақтөбе облыстық полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.

Атты полицейлермен 2019 жылы алкогольдік ішімдіктер ішу бойынша 25 хаттама, белгіленбеген жерлерде суға түскені үшін 80-ге жуық адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

Фото: дереккөз
Загрузка...