"Асыл Арман" кешенінде 22 мыңдай адам карантинге жабылды

2 Сәуір 2020, 11:18
2546
Бөлісу:
"Асыл Арман" кешенінде 22 мыңдай адам карантинге жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Асыл Арман" тұрғын үй кешені түгелдей карантинге жабылды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл ықшамауданының тұрғындары үшін  арнайы медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Бұл жерде дәрігерлер амбулаториясы ұйымдастырылады. Яғни осы ықшамаудан тұрғындары үшін арнайы медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Азық-түлікті төменгі бағамен сатуды ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Тұрғындарға түсіндір жұмыстары жүргізіледі, – дейді Алматы облысыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған тұрғын үй кешенінің аумағы қоршауға алынған. Әскери қызметкерлер кезек бойынша жұмыс істеп жатыр.

"Асыл Арман" кешенінде 5088 пәтер бар, әр подъезде 72 пәтерден, жалпы 22 мыңдай тұрғын тұрады.

Алғаш рет 28 наурыз күні тұрғын үйдің бір кіреберісі карантинге жаблған. Ол кезде осы үйде тұрған қыздан коронавирус анықталған еді. 1 сәуір күні тағы бір тұрғыннан қауіпті инфекция табылды.
Өзгелердің жаңалығы