Астанада жас таланттардың қатысуымен пресс-конференция өтеді

3 Ақпан 2019, 13:23
2483
Бөлісу:
Астанада жас таланттардың қатысуымен пресс-конференция өтеді

Астана, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінде Жастар жылы аясында жас талантарды қолдау бағдарламасы бойынша халықаралық конкурстарға қатысып қайтқан және шығармашылық жеке концерттерін өткізген әншілердің қатысуымен пресс-конференция өтеді.

Пресс-конференцияға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, Turkvision-2014 байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова, әнші Нұрболат Абдуллин, Жігіттер квартеті, Әли Оқапов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев, Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бақтияр Алдамжан қатысады, деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы