Астанадағы Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

26 Қаңтар 2019, 16:17
2073
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан 700 сарбазбен толықты. Астанада әскер қатарына алынған жас жауынгерлер бүгін ант қабылдады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Сап түзегендердің дені өзге өңірден келгендер. Олар осыған дейін саптық жүріс пен әскери машықтың қыр-сырын меңгерген. Енді ел ішіндегі тәртіпті күзететін болады.

Одан бөлек, елордада өтетін барлық саяси-қоғамдық және мәдени іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Табиғи апат кезінде де, төтенше оқиға орын алған жағдайда да қауіпті аймаққа жұмылатын осы Ұлттық ұлан сарбаздары.

«Осындай жауапты міндет атқаратын болғандықтан, жедел құрамаға жаңадан қосылған жауынгерлер аға буын сарбаздар секілді арнайы жаттығулар мен дайындықтардан өткізілді. Енді олар Отан алдындағы борышын адал атқаруға тырысады», - дейді 5573 әскери бөлім командирінің орынбасары Ерден Балғымбаев.

Өзгелердің жаңалығы