Бас жаңалықтар
Астанада музей қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізіледі
19 Ақпан 2019, 21:54 480

Астанада музей қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізіледі

Астана, BAQ.KZ. 26-28 ақпан аралығында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС халықаралық жаттықтырушылармен бірге музей қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсын өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Атақты өнертанушылар, мақалалар мен бағдарламалар авторлары, Ресей, ЕО елдері, АҚШ Халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдардың қатысушылары қалалық мұражайлардың қызметкерлеріне дәріс өткізеді. Олардың қатарында Өнер академиясының өнертанушысы, өнертану кандидаты – Марина Чекмарева, Өнер академиясының өнертанушысы, Солтүстік Айова университетінің оқытушысы (АҚШ), «Веер өнері» мұражайының атқарушы директоры – Елена Королькова бар.

Семинар барысында елорданың Музей ісі мамандары жаңа практикалық тақырыптарды қарастырып, музей педагогикасы мен экскурсиялық қызмет көрсетудің жаңа бағыттарымен таныс болады.



Сізден жаңалық