Бас жаңалықтар
Астанада шаxматтан әлем чемпионаты өтеді
20 Ақпан 2019, 11:09 362

Астанада шаxматтан әлем чемпионаты өтеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 4-5 наурыз күндері Астанада классикалық шаxматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Сарыарқа велотрегінде өткен баспасөз-конференциясында. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

«Классикалық шаxматтан әлем чемпионатының өтуін Елбасының өзі қолдап отыр. Мұндай мүмкіндіктің арқасында еліміздің шахмат спорты қарқынды дамып, Қазақстанның спорттық шахмат аренасында беделі өседі деген үміттеміз. Елімізде аталған спорт түрі аса танымал, шахматпен айланысатындар саны бүгінде 200 000 адамды құрайды. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер де бар. Бұл спорт түрінің елімізде одан әрі дамуына біздің белгілі спортшыларымыз Динара Сәдуақасова, Әнуар Исмағамбетов, Жансая Әбдумәлік пен Дәрмен Сәдуақасовтардың қосар үлесі зор", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы..

Өз кезегінде, Қазақстандық шахмат Федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко спортшылардың мүмкіндігіне тоқталды.

«Ең алдымен "Самұрық-Қазына" қорына алғыс айтқым келеді. Аталған ұйым жыл бойы еліміздің балалар-жасөспірімдер құрамасына қолдау білдіріп келді. Бүгінгі таңда Самұрық Қазына қоры отандық шахматшылардың әлемдік аренада жоғары дәрежеге жетулеріне көп ықпал етті. Сол спортшылардың арқасында осындай Чемпионат елімізде өткелі тұр. Біздің құраманы ең мықты шахматшылар бастайды: Жансая Әбдумәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Нахбаева, Гулмира Даулетова, Мадина Давлетбаева, Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалиев, Ануар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко. Барлық спортшылар жарысқа сақадай сай», - дейді ол.

Айта кетейік, наурыз айының 4-15 аралығында әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын классикалық шахматтан Командалық әлем чемпионаты өтеді.

Мұндай іс-шара Қазақстанда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Әлем чемпионаты «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ғимаратында өтеді деп жоспарланған.

Ондағы басты мақсат – жергілікті мамандардан бәсекеге қабілетті халықаралық дәрежедегі кәсіби шеберлерді қалыптастыру арқылы Қазақстанның адами ресурсы сапасын өсіру.

Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды - 10 ерлер және 10 әйелдер командасы.

Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.

Командалық есепте әлем чемпионы атағы - бөлек түрде, ерлер және әйелдер командаларына беріледі.

Бек Төлеу

Сізден жаңалық