Astana Motorsports командасының капитаны 800 млн теңге ұрлаған

13 Желтоқсан 2019, 15:28
2983
Бөлісу:
Astana Motorsports командасының капитаны 800 млн теңге ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2016-2017 жылдары еліміздегі автоспортты дамытуға бөлінген қаражатты ұрлау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткізуге арналған өтінімдерді артық қылып көрсету арқылы мемлекетке тиесілі Astana Motorsports командасының директоры және капитаны Артур Ардавичус 800 миллион теңгеден астам қаржы ұрлағаны анықталды. Бұл қаржыны ол қазақстандық және шетелдік компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалтасына басқан, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов.

Оның сөзінше, қазір шетелде жүрген Ардавичус түсініктеме беру үшін бірнеше рет шақыртылған, алайда ол келуден бас тартқан. 

Осы айтылған жағдайларды және Ардавичустың қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін жеткілікті негіздердің болуын ескере отырып, оған қатысты сырттай "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Халықаралық іздестіруге жариялау үшін материалдар сотқа жіберілді, - дейді агенттік өкілі. 

Тергеу барысында ұрланған қаражаттың нақты сомасы әлі анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін, Астана LRT ісі бойынша елорда әкімдігінің 5 басшысы жауапқа тартылып жатқаны туралы хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы