Бас жаңалықтар
Астана әкімі қай аудандарға газ жеткізілетінін айтты
30 Қыркүйек 2020, 11:10 227

Астана әкімі қай аудандарға газ жеткізілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде айтып берді.

Әкім жылыту маусымы биыл ерте басталғанын жеткізді. 23 қыркүйектен бастап жылуға қосу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нысандар мен көппәтерлі тұрғын үйлер толықтай жылуға қосылды. 

Жылу электр сумен жабдықтау желілерінің дайындығы 100%-ды құрайды. Осы жылы Тілендиев, Омаров көшелеріне және Солтүстік айналма жолдағы тозығы жеткен бірқатар жылу желісі реконструкциялаудан өтті. Нәтижесінде 20 мыңға жуық тұрғын тұрақты жылумен қамтамасыз етілуде. Электр желілеріндегі технологиялық бұзушылықтарды төмендету үшін 170 электрмен жабдықтау объектісінде және 130 шақырым электр желісінде күрделі жөндеу жүргізілді, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, ұзындығы 9 шақырым болатын 2 электрмен жабдықтау объектісінің құрылысы жалғасуда және ол биыл толықтай аяқталады.

Қазіргі қорда 15 мың тонна көмір бар. Жалпы алғанда тамыздан бастап елордаға 80 мың тонна көмір түсті. Қала инфрақұрылымының дамуы және халық санының өсуінен туындайтын жылу беру мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында бірнеше шара қабылдануда, - деді Үкімет отырысында Алтай Көлгінов.

Атап айтқанда:

- Бесінші кезектегі жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде сол жағалаудың жаңа тұтынушылары орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.

- Қаланы жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін ТЭЦ-2-де алтыншы турбина жабдығын және сегізінші қазандықты реконструкциялау жұмысы жалғасуда. Жұмыс қараша айында аяқталады.

- ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2-де газға ауыстыру жұмыстары жалғастырылуда. Қазіргі күні Ресейден әкелінген 4 қазандық орнатылды. Онда монтаждық жұмыстары жүргізілді. Оны қазанның ортасыны дейін аяқтау жоспарлануда. Қалған қазандықтарды орнату бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жасалады. 

Қаланы газдандыру бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүруде. Бүгінгі күні жоспарланған 9 газ тарату пункттері толықтай орнатылды. Қазан айында Железнодорожный өндірісі, Көктал, Агро-қалашық және шет жақтағы тұрғын үй алаптарында газ құбырлары толығымен жеткізіледі. Нәтижесінде 100 мыңнан астам халық газға қол жеткізуге мүмкіндік алады, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//