Бас жаңалықтар
Astana Hub технопаркі қазақстандық стартаптарды халықаралық аренада дамытуға атсалысады
25 Маусым 2019, 17:37 238

Astana Hub технопаркі қазақстандық стартаптарды халықаралық аренада дамытуға атсалысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Astana Hub технопаркі шетелден инвестиция тарту үшін, технологиялық кәсіпкерлік саласында халықаралық аренада қазақстандық стартаптардың ауқымын кеңейту үшін және оларды танымал ету үшін қазақстандық стартаптарды ақысыз дамытуға атсалысады деп хабарлайды Astana Hub халықаралық технопаркінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда Astana Hub халықаралық технопаркі мақсаты стартап-жобаларды кешенді даярлауға және әлемнің ірі технологиялық шараларына қатыстыруға бағытталған Roadshow бағдарламасының екінші жартыжылдығына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады»,- делінген таратылған ақпаратта.

Бағдарлама TECHCRUNCH DISRUPT - Сан-Франциско, АҚШ (2-4 қазан), GITEX - Дубай, БАӘ (6-9 қазан), WEBSUMMIT - Лиссабон, Португалия (4-7 қараша), SLUSH - Хельсинки, Финляндия (21 -22 қараша) секілді елдерде іске асырылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бірінші бағдарлама іске қосылды. Сингапур, Украина, Беларусь, Ресей, Қытай секілді елдерге іссапар ұйымдастырылды. Іріктеу критерийлеріне сәйкес 11 стартап-жоба Astana Hub атынан халықаралық көрмелерге қатысты.

«Astana Hub өкілдері іссапарлар мен келіссөздер нәтижесі бойынша шетелдік жетекші инновациялық компаниялармен және экожүйе стартаптарының өкілдерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды»,- делінген таратылған ақпаратта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық