Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

21 Ақпан 2019, 15:04
4819
Бөлісу:
Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Астананың сол жағалауында ботаникалық саябақ ашылған болатын. Бүгін осы бақта цитрус жемістері мен банан отырғызылды. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды
Ол туралы бүгін журналистерге осы бақты аралап көрсеткен, ботаника және фито жерсіндіру институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы Гүлнәр Ситпаева айтып берді. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Қазіргі кезде бақта цитрус жемістерінен апельсин мен Kumquat және банан отырғызылған. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

«Біз бұл жемістердің көшетін әртүрлі елдің ботаникалық саябақтарынан әкелдік. Оның алдында сары жеміс біздің оранжереяға бірінші рет отырғызылды. Қазіргі кезде апельсин, банан және kumquat бар. Астанадағы ботаникалық саябақта заманауи автоматизациялық жүйе орнатылған. Сондықтан барлық жүйе автоматтандырылған: суару жүйесі, климаттық режимді құру жүйесі. Осының арқасында өсімдіктер жақсы өсіп, тіпті жемісін бере бастады. Бұл шынымен де біз үшін маңызды. Банан ағашы – Астанада алғаш рет отырғызылды. Оранжереяда жарты жылға уақыт бейімдеу процесінен өткіздік. Банан өсіру үшін барлық климаттық жағдайды жасадық», – дейді Гүлнәр Ситпаева.
 
Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Айта кетейік, Астанадағы ботаникалық саябақтың аумағы 92 гектарды құрайды. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Өткен жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда бақта 2 жылыжай бар. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Олардың бірінде тропикалық өсімдіктер, екіншісінде шөлейтті өсімдіктер өсіріледі.

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің жылыжай кешенінде бүгінгі таңда 70-тен астам түрі бар. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Сондай-ақ мұндағы ағаштардың жалпы саны 95 мыңды құрайды. 

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Бүгінге дейін саябақта 2 жылыжай, 45 мың шаршы метр алаңды құрайтын жасанды су қоймасы, жаяу жүргіншілер көпірі, велосипед және жүгіру жолдары салынған.

Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды

Бек ТӨЛЕУ

Өзгелердің жаңалығы