Ашаршылық туралы құжаттардың жинағы таныстырылды

28 Мамыр 2021, 12:52
9705
Бөлісу:
Ашаршылық туралы құжаттардың жинағы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Сенатта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жарық көрген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбекті таныстыру рәсімі өтті. 

Үш томдық жинаққа зобалаң жылдарға қатысты тың деректер мен құжаттар енген. Олардың біразы бұған дейін еш жерде жарияланбаған және Қазақстан ғылымында бұрын-соңды айтылмаған. Ал кітаптағы кейбір анықтама, бұйрық, қарар сияқты құжаттар көпке дейін аса құпия мәлімет ретінде сақталып келген. Сондықтан ашаршылық жылдарының аса маңызды хронологиясын дайындап шыққан ғалымдар мен тарихшыларымыздың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.

Ашаршылық туралы құжаттардың жинағы таныстырылды

Таныстыру рәсіміне осы тақырыпты кеңінен зерттеп жүрген белгілі ғалымдар мен тарихшылар, редакциялық алқаның мүшелері, кітапты құрастырушылар, Парламент депутаттары, саясаттанушылар, өлкетанушылар және жоғары оқу орындарының докторанттары қатысты.

Сонымен қатар іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының директоры белгілі ғалым Талас Омарбек, Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов және тағы басқа қатысушылар сөз сөйледі.

Еске салсақ, Сенат бұл саладағы жұмыстарға әрқашан қолдау көрсете беретінін хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы