Бас жаңалықтар
Қайырымдылық қоры Арыста баспанасыз қалған 100 отбасыға үй салып берді
10 Желтоқсан 2019, 17:38 603

Қайырымдылық қоры Арыста баспанасыз қалған 100 отбасыға үй салып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі шарапаты мол игі істерге ұйытқы болып отырған Болат Өтемұратов қоры биылғы жылы қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. 

Бұл Қайырымдылық жобасына бөлінген сома бір жыл бұрынғыдан алты есе көп. Бұл туралы бүгін елордада өткен Қордың Қамқоршылар кеңесінің баспасөз мәслихатында жарияланды. 

Баспасөз конференциясына Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері – Алмаз Шарман, Олжас Сүлейменов, Аружан Сайын, Жәния Әубәкірова және Марат Аймағамбетов қатысты. 

Қазіргі таңда аталмыш қордың басты әлеуметтік жобасы – "Асыл Мирас" орталықтары аутистикалық спектрі ауытқулары бар балалармен Қазақстанның сегіз қаласында жұмыс жасайды. 

Біз өз жобаларымызды мақтан тұтамыз. Қызметіміздің өрісі жылдан жылға артып келеді. Аздан бастаған едік. Ең әуелі «Асыл Мирас» аутизм орталықтарын ашуды қолға алдық. Қайырымдылық жобаларын одан әрі ұластырып, бүгінде бірнеше бағытта қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Аутизм. Баршамызға бір әлем" жобасы аясында Қор 2019 жылы тағы екі қалада - Шымкентте және Петропавлда - "Асыл Мирас" аутизм орталықтарын ашты"Асыл Мирас" бағдарламаларына төрт жыл ішінде 6 мыңнан астам бала қатысты, олардың 2,5 мыңы – биылғы жылы, - дейді Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Алмаз Шарман. 

Төрағаның айтуынша, Қор білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, табиғи нәубеттер мен техногендік алапаттардан зардап шегушілерге қолдау көрсету, мұқтаж жандар үшін тұрғынүй құрылысы саласында 9 жобаны іске асырған. 

Адамның бойында гуманитарлық сана ілгері тұруы керек. Ел азаматтары тек өзінің жеке мүддесін күйттеп, тек өзін ғана ойламай, айналасындағылардың да қажеттіліктеріне құлақ асып, құл ұшын берер болса – олар жақсылық жасайтын қайырымды жандар. Дәл осы үшін қоғамдық іспен айналысуға болады деп санаймын, - деп айрықша атап өтті Қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі, ақын, жазушы-әдебиеттанушы әрі дипломат Олжас Сүлейменов. 

Олжас Сүлейменов немқұрайлы емес отансүйгіш азаматтардың туған мемлекетіне және отандастарының өмірін жақсартуға көмектесіп, жанашырлықтың жарқын үлгісі ретінде Арыста болған алапат апаттан зардап шеккен жанұяларға арнайы салынған үйлер жөнінде айтып өтті. 

Қордың қаражатына Қызылорда қаласында 100 отбасына және Арыс қаласында 100 жанұяға үйлер тұрғыздық. Оның құрылысына бөлінген жалпы сома 1,3 млрд теңгені құрады. Бұл немқұрайлы емес отансүйгіш азаматтардың жанашырлық танытқанының жарқын көрінісі, - деді ақын. 

Сонымен қатар, «Қызыл Жарты ай» қоғамымен бірлесіп Қор "Көмек картасы" жобасын іске асыруда. 

Оның аясында 2019 жылы Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетілді. 400 астам отбасы жалпы сомасы 54 млн. теңге көмек алды. Оған қоса, Арыс қаласында жарылыстардан зардап шеккен 2 мың адам жалпы сомасы 60 млн. теңге көмек алды – деп мәлімдеді брифинг барысында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Ерекше атап өтетін еліміздің ең ірі қайырымдылық шарасы - Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі алдыңғы жылдардың рекордтарынан асып түскен екен. Жаңа форматы мен кеңейтілген екі күндік бағдарламасының арқасында шараға 4 мыңнан астам адам қатысқан. Қайырымдылық мақсаттарына арналған 300 млн. астам теңге сома жиналды. 

Әдеттегідей бұл қаражат 8 ауруханаға медициналық жабдық сатып алуға жұмсалған.


Фото: автордан
Загрузка...