Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды

2 Маусым 2020, 02:33
1293
Бөлісу:
Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан бастап Ақтөбенің мамандандырылған ХҚКО-да Үкіметпен қабылданған жаңа ережелер бойынша Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды. Бір күнде 4 автокөлік тіркелді.

Бүгінгі таңда Армениядан арнайы ХҚКО-ға әкелінген автокөліктерді тіркеу тіркеу ережелеріне ақтөбелік жүргізушілер белсенді қызығушылық танытты.

Бір күн ішінде ХҚКО қызметкерлері Армениядан әкелінген 4 автокөлік тіркелді, тағы 25 адам Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерінен кеңес алды.

1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарына тіркелген және Армениядан елге әкелінген және ҚР-на 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген басқару органдары сол жақтан орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.

Алгоритмге сәйкес, автокөлікті тіркеу кезінде жеке куәлік, ҚР СК 615 бабына сәйкес АЕК-тің 0,25 пайызы мөлшерінде мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ Арменияда берілген көлік тіркеу анықтамалығы және мемлекеттік тіркеу нөмірін төлеу туралы құжат қажет. Егер автокөлік оң рөльді болса, онда сертификатталған орталықтан қауіпсіздік сертификаты қажет.

Көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын, мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа өзге тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне ауыстырылады және аударманың дұрыстығы туралы нотариустың не осындай іс-әрекеттер жасауға құқығы бар басқа адамның қолы болуға тиіс.

Тіркелген автомашиналарды сатуға болмайды, олар басқа тұлғаға тіркеуге жатпайды, тіркелген автомашиналарға сары түсті аймақтың коды 18, әріптік "В" және "С" сериялары бар мемлекеттік нөмірлік белгілер беріледі.

ҚР-да 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген автомашиналарды, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларды тіркеуге жол берілмейді.


Өзгелердің жаңалығы