Армения төтенше жағдай режимін тоқтатты

12 Қыркүйек 2020, 22:16
1013
Бөлісу:
Армения төтенше жағдай режимін тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения үкіметі 11 қыркүйекте алты ай бұрын коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайды тоқтатты. 

Алайда індеттің тарауына жол бермеуді көздейтін кейбір шектеулер әлі күшінде.

Төтенше жағдайды алмастырған жалпыұлттық карантин режимі 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін жалғасады. Азаматтарға жабық жердегі қоғамдық орында, көшеде маска тағып, әлеуметтік қашықтық талабын бұлжытпай ұстану міндеті жүктеледі.

Армения келесі аптадан бастап мектептер мен университеттерде сабақты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы