Бас жаңалықтар
Атақты Armani Италия ауруханаларына халат тігуге көшті
27 Наурыз 2020, 14:05 139

Атақты Armani Италия ауруханаларына халат тігуге көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан бөлек, дизайнер италиялық ауруханаларға бөлген қаражатты 2 млн еуроға дейін көбейтпек.

Миланда негізі қаланған Armani Group бренді коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер мен медбикелерге бірреттік медициналық халаттарды тігіп шығаруға көшетінін мәлімдеді. Бұл туралы 26 наурызда ANSA агенттігі Armani-дің жасаған ресми хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белгілі дизайнер Италияның медициналық мекемелеріне қаржылық көмекті ұлғайтатынын да жеткізді.

Басқа сән брендтері мен дизайнерлер де өз күш-жігерін қажетті медициналық заттарды шығаруға жұмсайтынын мәлімдеді.

Мәселен, модельер Кристиан Сириано Нью-Йорк ауруханалары қызметкерлеріне маска тігіп беруді өз мойнына алды.

Ал Louis Vuitton, Givenchy және Christian Dior сынды брендтер тиесілі көпұлттық LVMH компаниясы қолды зарарсыздандыруға арналған антисептиктер мен санитайзерлерді шығаратынын, оны Франция билігін тапсырып отыратынын айтты.

Сондай-ақ, Gucci компаниясы Италия денсаулық сақтау қызметіне 1,1 млн хирургиялық маскалар мен 55 мың медициналық халат тігіп берді. 

Versace-нің креативті директоры Донателла Версаче, Миланның Сан-Раффаэле ауруханасының жансақтау бөліміне 200 мың доллар бөлді.

Бұған дейін Джорджио Армани Италиядағы ауруханалардың барлығына 1,4 млн доллар қаражат бөлгені хабарланған болатын. Оның ішінде, Рим мен Миланның үлкен медициналық мекемелері де бар.  


Фото: дереккөз
Загрузка...