Бас жаңалықтар
Аралдық азаматтың көлігінен марихуана табылды
09 Наурыз 2021, 16:16 395

Аралдық азаматтың көлігінен марихуана табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Арал ауданында жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтың көлігінен марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 6 наурызда Арал ауданының орталығында түнгі сағат 02:40 шамасында 23 жастағы аудан тұрғыны басқарып келе жатқан «Ваз-21099» автокөлігін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатқан. 

Тексеру барысында тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған ерекше иісі бар шөп ұнтақтарын тауып, күмән тудырған зат тәркіленді. Өткізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат – жалпы салмағы 5,72 гр кептірілген марихуана екендігі анықталған, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...