Бас жаңалықтар
Аралда екі бірдей ірі жоба жүзеге аспақ
08 Сәуiр 2021, 07:40 171

Аралда екі бірдей ірі жоба жүзеге аспақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Аралда екі бірдей ірі жоба жүзеге аспақ. Аталған жобалар өңірлік индустриаландыру картасына енгізілген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Оның бірі – «Аралтұз» АҚ-ның «Ас және техникалық тұз өндіру зауытын жаңғырту» жобасы. Өңірде «Үшінші испан цехін салу» жобасына «Аралтұз» АҚ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы 3,0 млрд теңге қаржыға қол жеткізді.

Қазіргі таңда, «Үшінші испан цехының» құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 200 адамға тұрақты жұмыс орындарымен қамтылады деп күтілуде

Екінші жоба – «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау цехі» жобасы. Жалпы құны 1,53 млрд теңгені құрайтын цех іске қосылғаннан кейін 35 жұмыс орны ашылмақ.

Аталған жоба Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, мемлекеттік көмек ретінде Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінде орналасқан индустриялық аймақтан 1 гектар жер телімі тегін табысталды.

Бүгінде зауыттың құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Қазіргі таңда қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп межеленуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...