Қарағандыда «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өтуде

11 Маусым 2019, 15:11
2058
Бөлісу:
Қарағандыда «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өтуде. Оған Бұқар жырау, Осакаров, Шет аудандары, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск және Саран қалаларынан ең мықты командалар қатысады.

«Бұл жарыстар жыл сайын өткізіліп тұрады және облыста дәстүрге айналды. Қатысушылар өзін құтқару және басқаларға көмек көрсету дағдыларын көрсетеді. Оған әр адамды, әсіресе балаларды үйрету қажет», - дейді генерал-майор, ТЖ қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, ардагер және жарыстың құрметті қонағы Мейрам Ысқақов.

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Командалар "Жауынгерлік қанат жаю", «табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» және «су айдынындағы құтқару жұмыстары» үш дистанциядан өтуі тиіс.

Қатысушылар жарысқа дайындық кезінде көп нәрсені үйренеді. Олардың барлығы жеңіске жетуге бар күшін салуда.

«Біз Балхаштан келдік, командамызда 10 адам бар. Біз өз қаламызда жеңімпаз болдық және бүгін облыстық жарыстарға келіп отырмыз. Осы сайысқа 3 апта дайындалдық. Өрт сөндіру бөлімінде және Балқаш көлінің жағасында оқу жаттығуларын өткіздік. Сонымен қатар біз алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрендік. Бұл дағдылардың барлығы өмірде пайдасын тигізеді. Сонымен қатар, болашақта мен әскери немесе құтқарушы болғым келеді», - дейді Балқаш қаласының қатысушысы Төлеген Ыбрайымбек.

А. Байтұрсынов атындағы №41 гимназияның «Жалын2 командасы 11 қатысушы-мектептер арасында ең жақсы нәтиже көрсетіп, қалалық кезеңде жеңіске жетті. "Жалын" командасының капитаны Әсет Бекмарат да облыстық турнирде жеңіске жететініне сенімді. Құтқарушылар жарыстарына бұл мектеп 5 жыл бойы қатысады.

Саябақта сондай-ақ апаттық-құтқару техникасы мен жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты - оқушыларды төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындау, азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етіледі. Үздік команда жеңімпаз Кубогын алады. Жеке кезеңдерде жүлделі орындарға ие болған қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы