Бас жаңалықтар
Қарағандыдағы кітапханада "Damy Kenistigi" атты коворкинг-орталығы ашылды
11 Ақпан 2019, 16:50 500

Қарағандыдағы кітапханада "Damy Kenistigi" атты коворкинг-орталығы ашылды

Қарағанды. BAQ.KZ. Коворкинг-орталықтың ашылуында "Қарағанды өлкетануы" атты мобильді тақырыптық кітапхана таныстырылды.

Мұхтар Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада "Damy Kenistigi" атты коворкинг орталығы ашылды. Мұнда қала тұрғындары  сейсенбі мен жексенбі күндері келе алады. 

Коворкинг-орталықта функционалдық аймақтар жабдықталған. Мұнда ноутбуктер, принтерлер, сканерлер, бірлескен және жеке жұмыс істеуге арналған аймақтар, мультимедиялық кабинет, тегін Wi-Fi бар. Демалыс аймағында смартфонға арналған 3D көзілдірігі, шахмат, дойбы және теннис үстелі қарастырылған. 

Коворкинг-орталықтың ашылуында "Қарағанды өлкетануы" атты мобильді тақырыптық кітапхана таныстырылды. Оның көмегімен қаланың дамуы мен қалыптасуы туралы қажетті ақпаратты оңай табуға болады.

Кітапханада "Білім орталығы" аймағы құрылды, онда жас кәсіпкерлер семинарлар мен конференциялар өткізеді. Ал балалар аймағында кішкентай оқырмандар мен олардың ата-аналары баланың жан-жақты дамуына қажетті оқу құралдарымен қамтылған. Кітапханада барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Сізден жаңалық