Қарағандыда «Сарыарқа-Антитеррор-2019» оқу-жаттығулары өтеді

24 Маусым 2019, 14:12
2328
Бөлісу:
Қарағандыда «Сарыарқа-Антитеррор-2019» оқу-жаттығулары өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 26-28 маусым аралығында Қарағанды қаласындағы «Спасск» полигонында «Сары-Арка-Антитеррор-2019» Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерінің құзыретті органдарының терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулары жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы қала аумағының жекелеген жол учаскелерінде жүрудің шектелуіне байланысты туындаған қолайсыздық туралы хабарлайды.

Қарағанды қаласы қонақтары мен тұрғындарының сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауын сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы