Мені президент қылып сайламағанда, миллиондаған адам соғыста мерт болар еді – Трамп

6 Ақпан 2019, 11:12
3281
Бөлісу:
Мені президент қылып сайламағанда, миллиондаған адам соғыста мерт болар еді – Трамп

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ пен КХДР арасындағы жоғары деңгейдегі кездесу ақпанның 27-28 күндері Вьетнамда өтеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлім етті.

Америка басшысы АҚШ-тың Сенат пен Конгресс палатасы өкілдері алдында сөйлеу барысында жақын күндері КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынмен кездесетінін жеткізді. Алайда саммит қай қалада өтетінін айтпады.

Оның айтуынша, Вашингтон қазір Корей түбегіндегі тарихи бейбітшілікке қол жеткізу үшін жаңа дипломатиялық бағытта жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар ол Пхеньян қамауда отырған АҚШ-тың бірқатар азаматын босатқанын және ядролық сынақтарды тоқтатқанын хабарлады.

«Егер мені АҚШ-тың президенті етіп сайламағанда, біз қазір Солтүстік Кореямен соғыс жүргізіп, миллиондаған адам мерт болған болар еді», - деді Трамп.

Ол сонымен қатар, Корей түбегін ядролық қарудан түгелдей арылту үшін әлі көп жұмыс істеу керегін айта келе «Алайда мен Ким Чен Ынмен жақсы қатынастамын», - деді.

АҚШ пен КХДР басшыларының алғашқы тарихи саммиті 2018 жылдың 12 шілдесінде Сингапурде өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша Дональд Трамп пен Ким Чен Ын біріккен мәлімдеме жасады. Онда Пхеньян атом қаруынан бас тартатынын мәлімдеген, ал АҚШ бұл елдің қауіпсіздігіне жауап беруге міндеттелген.
Өзгелердің жаңалығы