Ақмолада коронавирустан көз жұмған екінші адам туралы не белгілі?

4 Сәуір 2020, 17:50
2177
Бөлісу:
Ақмолада коронавирустан көз жұмған екінші адам туралы не белгілі?

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолада коронавирустан екінші адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаза болған ер азамат 1947 жылы туған, Целиноград ауданының тумасы. Марқұмның коронавирус індетінен қаза болғандығын растайтын диагноз қайтыс болғаннан соң қойылып отыр.

Бұған дейін науқас "2 дәрежелі дисциркуляторлық энцефалопотия. Гемипарез. Созылмалы өкпе дерті" диагнозымен есепте тұрған.

2016 жылдың 21 сәуірінде науқастың сол жақ табан саусақтарына некроэктомия отасы жасалған. 2018 жылдың 3 қазанында пациенттің  оң жақ жамбас бөлігіне ампутация жүргізілген. 2019 жылдың 29 шілдесінде пациенттің қан қысымы 200/100-ге жетіп, үздіксіз гипотензивтік препараттар қабылдауға кеңес берілген. 2019 жылдың 6 тамызынан "Екіжақты гипостатикалық пневмония" диагнозымен ем алған. 30 тамызда науқастың жағдайы нашарлауына байланысты "созылмалы бронхиттің өршуі" диагнозымен антибактериалды терапия жүргізілген. 2020 жылдың 1 наурызында дем жетпеу, жүрек жекіліксіздігі, қан қысымымен науқастың жағдайы күрт төмендеген. "Жүректің ишемиялық ауруы. Кардиосклероз. Гипостатикалық пневмония" диагнозы қойылған, - деп түсінік берді Сүлен Ілиясов.

2 сәуірде пациент ауруханада көз жұмған. Марқұмның денесі Нұр-Сұлтан қаласындағы сот-медициналық сараптамасына жіберілді. 4 сәуір күні коронавирусқа алынған талдау оң нәтижені көрсетіп отыр.

Қазіргі уақытта марқұммен байланыста болғандарды іздестіру мақсатында эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы